Қаратау қысқы маусымға дайын

0

Шымкент қаласындағы Қаратау ауданында 27 көше жөнделуде, оның ішінде  15 көшені күрделі, 12 көшені орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Шымкент қаласындағы Ақпараттық – коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов мәлімдеді.

Сондай-ақ, Абзал Шымкентбайұлы Тұран шағынауданына баратын №1,2,7 жолдардың салынып жатқандығына ерекше тоқталды.

Сонымен қатар жиын барысында Қаратау ауданының қысқы маусымға дайындығы сөз болды. Ауданындағы 392 көп пәтерлі тұрғын үйдің 315-і орталық жылу жүйесін, 77-сі автономды жылу жүйесін тұтынады.
Қысқы жылу маусымына көп қабатты үйлерді дайындау жұмыстарын «ОҚО үйлерді басқару» ЖШС, «Алиаскар БАМ Групп» ЖШС, «Шымкент тұрғын үй қызмет» ЖШС, «Қызметкер СК» ЖШС мекемелері тарапынан дайындық жұмыстары атқарылды.
«Қазіргі таңда көп қабатты тұрғын үйлер жылу маусымына толық дайын»-деп, атап өтті аудан әкімі Абзал Әліқұлов.

Пікір қалдыру