Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында би жарысы өтті

0

Шымкент қаласындағы Қажымұқан атындағы орталық стадионда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында арбадағы биден клуб біріншілігіне арналған жарыс болып өтті.Оған арнайы сайыстардан іріктелген 5 жұп қатысты.

Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спорт пен дене тәрбиесін жетілдіру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Шымкент қаласындағы мүгедектерге арналған спорт мектебінде 18 спорт түрінен арнайы мамандар 372 мүгедек спортшыға дәріс беруде. Мұзрафша Абылаев басқаратын осы мектептен арбадағы биден Азия чемпионы Ермек Қалымбетов тәрбиеленді Ол ұлттық құрама сапында әлемдік гран приге қатысты. Ермектің осы жеңісі көптеген спортшылардың ынтасын оятты.  Жарыстың ашылуы кезінде спорт мектебі директорының орынбасары Дана Ізтаева мен Нұртас Ахметов сынға түсіп жатқан бишілерге табыс тіледі.

Пікір қалдыру